Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға ведомство басшылығының атынан таралып жатқан жалған хабарламалар саны күрт артқанын ескертті. Бұл туралы комитеттің ресми хабарламасында айтылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Интернет-алаяқтар жалған ақпараттарды WhatsApp және Telegram арқылы таратып отыр», – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға сақ болуға және төмендегі кеңестерді ұстануға кеңес береді:

  • Күмәнді хабарламаларға сенбеу;

  • Бөгде сілтемелерге өтпеу;

  • Белгісіз тұлғаларға ақша аудармау;

  • Хабарламалардың шынайылығын міндетті түрде тексеру.

Комитет азаматтарды осындай күдікті жағдайлар туындаған жағдайда ресми дереккөздерге ғана сенуге және қажет болса, құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.