Алматы облысында 2025 жылы 76 703 түп ағаш отырғызылды

Алматы облысында 2025 жылы 76 703 түп ағаш отырғызылды

Алматы облысында экологияны жақсарту және жасыл аймақтарды көбейту мақсатында ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастама «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында іске асып отыр.

2025 жылдың басынан бері облыс аумағында 76 703 түп ағаш отырғызылды. Іске экологиялық белсенділермен қатар, барлық аудан мен қала тұрғындары белсенді қатысты.

Көш бастап тұрған өңірлер:

  • Қонаев қаласы – 12 446 түп ағаш
  • Еңбекшіқазақ ауданы – 9 429 түп ағаш
  • Жамбыл және Ұйғыр аудандары – 8 800 түп ағаштан

Жасыл бастамаға мектеп оқушылары да үн қосып, 11 237 түп ағаш отырғызды.

Жыл соңына дейін өңірде тағы 41 970 түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Бұл жұмыстар өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Көгалдандыру арқылы ауа сапасы мен қоршаған ортаның жағдайы да біршама жақсарады деп күтілуде.