«Жастар рухы» волонтерлері «Перзент» балалар үйіне шұғыл көмек көрсетті
«Перзент» балалар үйінде орын алған төтенше жағдайдан кейін «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының «Жастар Рухы» Жастар қанаты алғашқы күннен бастап балаларға қолдау көрсету жұмыстарына кірісті. Оқиға салдарынан ғимараттың бірқатар бөлмелері жарамсыз күйге түсіп, мекемеге шұғыл тазалау және қалпына келтіру шаралары қажет болды.
Үш күн ішінде ұйым еріктілері аумақтытазалау, бүлінген бөлмелерді қалпына келтіру, балаларға жаңа жатын орындарын дайындау және күнделікті қажетті заттарды қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыс атқарды.
Осы кезеңде 150-ден астам ерікті өз еркімен келіп, балалардың жағдайын жақсартуға үлес қосты. Олар өрттен зардап шеккен аумақты тазалап, жарамсыз заттарды шығарып, бөлмелерді ретке келтіріп, балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортадаболуына жағдай жасауға күш салды.
«AMANAT» партиясы Алматы қалалықфилиалы «Жастар Рухы» Жастарқанатының төрағасы Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы ресми пікірінде былай деді:
«Бұл оқиға бәріміздің жүрегімізге ауыртиді. Осындай қиын сәтте жастардыңбірлігі, жанашырлығы және жауапкершілігіерекше көрінді. “Перзент” балалар үйіндегі балалар –біздің өз бауырларымыз. Олардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін қолдан келген көмекті көрсету – ортақ міндетіміз. Жастар тағы да халықпен бірге екенін дәлелдеді».
«Жастар Рухы» алдағы уақытта да қажеттілік туындаған жағдайда көмек жұмыстарын жалғастырып, балалар үйініңқалыпты жағдайға келуіне қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.