Алматыда «Пейіш 2: Анама хат» фильмінің жабық көрсетілімі болды

Алматыда "Kinoplexx Sary-Arkа" кинотеатрында "Пейіш 2: Анама хат" фильмінің жабық көрсетілімі өтті.  Туынды ана мен бала махаббатын арқау еткен қырғызстандық драманың жалғасы. Бұл жолы да шытырманға тап болған кейіпкерге адал достық пен жасаған жақсылық бар қиындықты  еңсеруге көмектеседі.

"Пейіш. Жұмақ ана табанының астында" фильмінің  жалғасы көрермен назарына  ұсынылды. Драма аналық  махаббат пен рухани құндылық тақырыбын терең қозғайды. Өмір сынақтары  бас кейіпкер Әділдің түсінігін өзгертеді. Бірінші фильмде анасын Меккеге жаяу апарған ол,  бұл жолы досы Самирмен ұзақ сапарға шығады.

ЕРДОС ҚАНАЕВ
ӘНШІ
«Бірінші киносын сыртынан естігенім болмаса көре алмадым шынымды айту керек. Бірақ көп халықтан естідім жүрекке жылы қабылдап, аналарына құрметтері артып, сондай жағдайлар болып жатыр деп естідім. Қазіргі қоғамда ата-анасына ренжіп жүрген жастар көп. Осы киноны көріп ана-анасына деген мейірім, құрметі артып жатса бұл киноның өзінің берері бары»

Кинокартина Қырғызстан, Қазақстан, Беларус және Ресейде түсірілді. Режиссері  Руслан Акун. Екі жыл бұрын прокатка шыққан қырғызстандық драма  20 ға жуық елде көрсетіліп, көптің көңілінен шықты. Бұл жолы да фильм бірнеше тілге аударылды.

САЛАМАТ ИСАБАЕВ
 ПРОДЮСЕР
«Бірінші бөлімі Қазақстаннан бөлек 19 мемлекетте көрсетілген болатын. Оның ішінде ең көп қаралым көрші мемлекеттер және Қазақстан рекорд қойды. Қаралым жағынан да касса жағынан да. Режиссерлер мен продюссерлердің мақсаты бұдан да көп мемлекеттермен келісім шартқа отырып, көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл жолы 19 дан көп болу мүмкін может 25-30 мемлекетте көрсетілуі мүмкін»

Жаңа фильм 12 ақпаннан бастап  еліміздің барлық  «Кинопарк» кинотеатрлар желісінде көрсетіле бастайды.

Сондай-ақ оқыңыз: