Сахна энергиясы, мыңдаған көрермен және Яндекс Музыканың ерекше белсенділігі: Алматыдағы фестивальдің керемет сәттері
Park Live Almaty фестивалі қазіргі кезде айрықша дүбірмен өтіп жатыр: мыңдаған адам әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың әуендерінен тамаша көңіл-күйге бөленіп, ыстық ықыластарын білдіруде.
Алғашқы күндері-ақ көрермендер Robbie Williams, Alan Walker және өзге де әйгілі орындаушылардың жоғары энергияға толы өнерін тамашалады. Фестиваль алғашқы минуттардан-ақ көпшіліктің тек хедлайнерлерге назар аудармайтынын көрсетті.
Ayau, V $ X V Prince & De Lacure сахнаға шыққанда, көрермендер зор қошеметпен қарсы алып, ілтипат білдіріп, сүйікті тректерін бірге орындады.

«Иә, біз дайындалдық. Жанкүйерлерімізді жерге қаратпаймыз деген үміттеміз», — деді De Lacure сахнаға шығар алдында. Ал фестивальден алған әсерін сұрағанымызда: «Бұл — жарылыс!» деп қысқа қайырды.
Әншінің айтуынша, Яндекс Музыка қолдауымен мұндай ауқымды музыкалық шараға қатысу жас қазақстандық орындаушылар үшін мыңдаған көрерменнің, соның ішінде шетелдік қонақтардың алдында өздерін көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.

Ақылды ұсыныс жүйесінің алгоритмдері бұл қолдауды нақты нәтижеге айналдырып отыр. Мәселен, Jazzdauren тыңдалымдары үш ай ішінде 24 мыңнан 5 миллионға дейін өсті, ал ESKO аудиториясы төрт есеге жуық артты. Сондай-ақ 6ellucci, bir kyz, «кухня», The Brookln, Amourski сынды жас музыканттар да қолдауға ие болды: олардың тректері ротацияға кіріп, арнайы плейлистерге қосылды.
Ерекше эмоция сыйлаған тағы бір аймақ — Яндекс Музыка арнайы ұйымдастырған демалыс аймағы болды. Онда қонақтар сергіп, «Менің толқыным» градиентіндегі лимонадтан дәм татып, фотоаймақта естелік суретке түсті. Ал сервис ішінде Ayau, V $ X V Prince & De Lacure, Turan Ethno-Folk Ensemble және Edigee қатысқан арнайы плейлист пен сұхбаттар пайда болды. Бұл — талантты әртістермен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін фестивальдің цифрлық жалғасы.

Бүгінде сервиске мыңнан астам қазақстандық орындаушы тіркелген. Сонымен қатар ISKRA Qazaqstan атты арнайы плейлист жұмыс істеп тұр. Оның арқасында қазақстандық әртістер музыкалық сервистен тұрақты ақпараттық қолдау алып келеді. Бұған қоса, сервис Суперлонч жобасын іске қосты, онда Қазақстандағы ең көп тыңдалған жаңа хиттердің топтамасы бар.
Ал биылғы жазда «Өзіміздікілерді тыңдайық» («Слушайте своих») атты жоба басталды. Ол музыка мен әртістердің туған қалалары мен өнер жолын байланыстырып, тыңдарманды жақындата түсуде.