Өнер академиясында театр жөнделді
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқу театры жаңартылып, есігін қайта ашты.
Бұл – талай буын актерлер мен режиссерлердің алғашқы кәсіби қадамы басталған шеберхананың жаңғыруы. Жаңартылған сахна заманауи техникалық талаптарға толықтай сай жабдықталған. Бұл жас өнерпаздарға кәсіби ортада шыңдалып, шығармашылық әлеуетін дамытуға мол мүмкіндік береді. Театрдың қайта ашылуы – ұлттық өнердің дамуына бағытталған маңызды қадам.