«Назад в 90-ые. Мен оралам» фильмі прокатқа шықты
«Назад в 90-ые. Мен оралам» — қазақстандық фантастикалық комедия енді еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуде. Фильмде физика пәнінің мұғалімі сүйікті қазақ тілі мұғалімін таңқалдыру үшін телепортация құрылғысын жасап шығарады. Арманы — оны Парижге апару.
Алайда сәтті шыққан тәжірибе олардың өмірін күрт өзгертетін күтпеген оқиғаларға ұласады. Фильм 90-жылдарға деген ностальгияны, жылы юморды және фантастикалық элементтерді үйлестіріп, көрерменге жеңіл әрі көңілді туынды ұсынады.