Қазақ-испан бірлескен «Бітім» кинотуындысының тұсаукесері өтті
2025 жылдың 30 қазанында Қазақстанда «Бітім» («Перемирие») атты қазақстан-испан бірлескен фильмінің премьерасы өтті. Режиссёр Мигель Анхель Вивас түсірген тарихи драма Карлагта болған испан жауынгерлерінің тағдырына негізделген.
Фильмде Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Карлагқа түскен екі испан солдатының бастан кешкен қиындықтары, адами қасиеті мен өмір үшін күресі көрсетіледі.
Картина еліміздегі барлық кинотеатрларда көрсетілуде.