Алматыда Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті

Алматыда Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы кітапханада республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Міржақып Дулатұлы – ағартушы, қоғам қайраткері, ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалаушы» атты шара Ұлттық ойшыл және «Алаш» қозғалысының көрнекті өкілі Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналды.

Конференцияның басты мақсаты – Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын терең зерттеу, оның білім беру ісі, ұлттық баспасөзді дамыту және қоғамдық қызметі саласындағы рөлін жастарға таныстыру болды.

Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық сананы оятудағы және ағартушылық қызметтегі Міржақып Дулатұлының рөліне арналған баяндамалар жасады, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, оның өмірі мен қызметіне арналған деректі фильм көрсетілді.

Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «AMANAT» партиясы Бостандық аудандық филиалы, Алматы облысының музейлер бірлестігі, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық Қазақ тілі қоғамы және Педиатрияжәне балалар хирургиясы ғылыми орталығы.

Іс-шарада «AMANAT» партиясының қолдауымен жастар арасында өткен эссе және постер байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

Конференцияға мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, ғалымдар, мәдениет пен өнер өкілдері, алаштанушылар қатысты, бұл шара Міржақып Дулатұлының шығармашылық жәнеқоғамдық мұрасын жаңа ұрпаққа жеткізуге бағытталғанын көрсетті.