Жол апаты азайды

«Sergek» бейнебақылау жүйесі іске қосылғалы Алматы облысында жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар 48 пайызға, ал зардап шеккендер саны 32 пайызға азайған. Қазір жүйе облыстың барлық аудандарында жұмыс істейді. Аймақта 325 кешен мен 9 мыңнан астам камера бар. Патрульдік көліктерге де мобильді кешендер орнатылған. Олар жол үстіндегі құқық бұзушылықтарды бірден тіркейді. Камералар жол қозғалысын бақылаумен бірге, қылмыстарды ашуға да көмектеседі. Жыл басынан бері жүйе арқылы 981 қылмыс ашылды. Ал адам көп жиналатын орындарда арнайы дабыл түймелері бар. Қауіп төнген жағдайда операторға бірден хабарласып, көмек шақыруға болады.

ЕРНАР САЙДІЛДИН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Цифрлық технологиялар жолдағы және қоғамдық орындардағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Qorgau жүйесімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде 94 мыңнан астам құқық бұзушының жолы кесілді»

Сондай-ақ оқыңыз: