Алматы облысындағы мектептер санитарлық талаптарға сай ма?
Жаңа оқу жылында Алматы облысындағы білім беру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізілуде. Кезекті тексеріс Талғар ауданындағы Талдыбұлақ ауылындағы №46 орта мектепте өтті. Мамандар білім беру ұйымының жалпы санитариялық жағдайын, желдету және сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын, оқу кабинеттерінің жай-күйін тексерді. Сондай-ақ, асхананың талаптарға сәйкестігі, ауыз су тазалығы, азық-түлікті сақтау және дайындау шарттарына назар аударды. «Мектептегі тазалық талапқа сай», – деді мамандар.