Жаңаарна ықшамауданының тұрғындары ішімдіктен бас тартты

Бар күнә бастауы ішімдік. Маскүнемдік соңы трагедия. Алатау қаласына қарасты Жаңаарна ықшамауданының тұрғындары ішімдіктен бас тартты. Саламатты өмір салтын ұстанған ауыл тұрғындарымен тілшіміз Құрманжан Қасымжанұлы тілдесіп қайтты.Жаңаарна мектебіндегі басқосуда алкагөльді ішімдіктің өлшеусіз зияны туралы айтылды. Ішімдік ешкімнің көсегесін көгертпейді. Дұрыс жолдан тайдырып, ар ұяттан айырады. Ізгі қасиеттерді азайтып, денсаулыққа да зия әкеледі.  

ӘДІЛХАН БАЗАРБАЕВ - АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
«Бізде былтырғы жылға қарағанда Алатау қаласы аумағында биылғы көрсеткіш 21 қылмысқа төмендеді. Бұл масаң күйде жасалатын қылмыстар бойынша. Масаң күйде жасалатын қылмыстардың ауыры отбасында басталады»

Өткен жылы осы Жаңаарна ауылында ішімдік салдарынан отбасылық жаңжал туындап бір адам қаза тапты. Тура жолда жүрген жүрегі ізгі адамның ары таза, жүзі жарық. Еңбекте қуатты. Ал ащы су сананы улап, қылмысқа итермелейді. Сондықтан игі бастаманы ауыл жүрты тегіс қолдап отыр. 

АСҚАР ЮСУПОВ АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Осы ауылдағы бес-алты магазинді аралап шыққанда олардың лицензия алуға арақ сататын құлқы жоқ екенін анықтадық. Ол ішімдіктен пайда көрмей ақ қойдық деп айтады. Біздің арманымыз ұрпақтар өсіп өніп, елдің келешегі үшін өмір сүрсе деген ойдамыз»

АЙТГҮЛ ТОЙЛЫБАЕВА ЖАҢААРНА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
«жастарым оған құмар болмаса екен. Бәрі тәрбиелі болса екен. Ауылым тыныш болса көркейе берсе екен деп ойлаймын. Қайта өнегелі жастар білімді балалар көп шықса одан артық бізге не керек. Өте тамаша болар еді»

Басқосуда ішімдіксіз ауыл атанып, туған өлкені өркендету үшін аудандық ішкі саясат пен құқық қорғаушылар, ауыл ақсақалдары мен кәсіпкерлер бірлескен мемарандумға қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз: