Мектеп жабдықталды

Ауыл мектебінің мүмкіндігін арттыру – сапалы білім алуға тең жағдай жасаудың маңызды қадамы. Ұйғыр ауданындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясында бұл бағыттағы жұмыстар нақты нәтижесін көрсетіп келеді. 2023 жылы білім ордасы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен толық жаңғыртылып, заманауи оқу кабинеттері мен технологиялық құралдармен жабдықталды. Жаңа мүмкіндіктер мұғалімдерге сабақтың тәжірибелік бағытын күшейтіп, оқушылардың өз бетімен ізденуіне жол ашты.

Мектептегі өзгерістің нәтижесі оқушылардың жетістігінен де көрінеді. Робототехника бағытындағы команда екі жыл қатарынан Түркияда өткен халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Ал олимпиадалық білім додаларында да мектеп шәкірттері республикалық деңгейге көтеріліп жүр. Биыл физика пәнінен 7-сынып оқушысы Ағаділ Ерасыл облыстық кезеңде бірінші орын иеленді. Сондай-ақ құқық негіздері, математика, механика және «Абай оқуы» бағыттарында оқушылар республикалық және халықаралық деңгейде нәтижелер көрсетті.

ҚАРЛЫҒАШ ДИҚАНБАЕВА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ 
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен, оқу ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған ауылдық жердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру жобасы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған үлкен қолдау деп білеміз. СКЛ Бүгінде осы қордың демеушілігімен жасалған замануи технологиялардың арқасында біздің оқушыларымыз Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атануда.

Мектептің басты көрсеткіші – білімді шәкірт. Соңғы төрт жылда 50 - ден астам түлек мемлекеттік білім грантына ие болды. Ал бүгінгі оқушылар заманауи кабинеттерде теорияны тәжірибемен ұштастырып, болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастырып келеді.


АЙМАН ТОЙҒАЗЫ - ОҚУШЫ 
«Біз ауылдық мектепте оқығанымызбен, қалалық мектептерден еш жеріміз кем емес. Әр сыныпқа кірсек неше түрлі құрал-жабдықтар. Оқуға керекті заттар. Құрал жабдықтардың арқасында сабаққа деген құштарлығымыз жылдан-жылға артып жатыр. Мысалы физика сабағына кіретін болсақ нешетүрлі термометр, нешетүрлі физика сабағына қатысты заттар апараттар бар»

Абай атындағы мектеп-гимназиясының бүгінгі тынысы – ауыл мектебінің әлеуетін арттыруға арналған  қолдаудың нақты көрінісі.  

Сондай-ақ оқыңыз: