Конаев қаласының кітапхана қоры толықты

Конаев қаласының кітапхана қоры тағы бір құнды мұрамен толықты. «Qonaev Media» телеарнасының ұжымы Айтбай және Садықбек Хангелдиндердің 72 кітабын кітапханаға тарту етті. Қаламгерлердің шығармаларында туған жер, ел тағдыры мен адам болмысы кеңінен көрініс тапқан. Кітаптар қатарында «Керуен», «Қарымды қаламгер», «Қоңыр күз», «Құбыла» сынды туындылар бар. Биыл Айтбай Хангелдиннің туғанына 120 жыл толып отыр. Оның әдеби мұрасын Садықбек Хангелдин де жалғастырып, қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған. Енді қос қаламгердің шығармалары қалалық кітапхана қорында сақталып, оқырман игілігіне ұсынылады.

АЙДАНА ДӘУЛЕТОВА - ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Жалпы кітапханамызға бүгінгі таңда 5552 кітап табысталды соңғы жарты жылдықта. Қазір де кітапханамыз керемет кітаптармен толықты. Қонаев медиа телеарнасының басшылығынан бүгін келіп түскен өте керемет кітаптар болды. Бұл кітаптарды біз өзіміздің қорымызға сақтап, оларды инвентаризация номерлерін беріп, оқырмандарға ұсынатын боламыз.


ҚЫМБАТ ДОСЖАН «QONAEV MEDIA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ
Әрқайссы әртүрлі жанрда жазылған. Оның ішінде әрине сонау кеңес заманында жазылған кейбір кітаптардан алынған әңгімелер болса ол Ғани Мұратбаев туралы бұның бәрі тарих қой. Осындай қомақты дүниені, тарихи дүниені қазірі оқитын ұлт, оқитын біздің жасөспірімдер білуі керек деп тапсырдық.

Сондай-ақ оқыңыз: