Әскери академиялар шақырады
Биыл Шекара академиясына түсетін үміткерлер үшін шетелдерде, соның ішінде Ресей мен Түркиядағы әскери академияларда білім алуларына мүмкіндік бар. Ал болашақ үміткерлерге қандай талаптар қойылады? Құжат тапсыру тәртібі мен іріктеу кезеңдері қандай? Тақырыпты әріптесім Құрманжан Қасымжанұлы толықтырады. Елдегі әскери академияларға шәкірт қабылдау басталды. Үміткерлер арасында ҰҚК Шекара қызметі ерекше сұранысқа ие. Ол мемлекеттік шекараны қорғайтын болашақ офицерлерді даярлайды. Іріктеу процесі дәстүрлі түрде бірнеше кезеңнен тұрады: Оларға 60 баллдан жоғары болатын академиялық білім көрсеткіші мен денсаулық жағдайы талапқа сай болу керек. Оған қоса физикалық және психологиялық дайындығы да басты шартта санатында.
АСХАТ АЙСАҒАЛИЕВ - ҚР ҰҚК ШҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ
«Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптардың бірі – жас мөлшерінің 17 мен 21 жас аралығында болуы керек. Сонымен қатар психологтар мен полиграф мамандарының ұсынымдарынан өтуі тиіс. Яғни соттылығы болмау керек. Немесе ойындарға құмарлығы есірткі қолданбауы деген сияқты қосымша тексерістерден өтеді.»
Әскери академияларда оқығысы келетіндер енді тек еліміздегі оқу орындарымен шектелмейді. Оларға Ресей федерациясы мен Түркия еліндегі түрлі әскери жоғары оқу орындары есік ашып отыр. Десе де үміткерлер үшін Ресейдегі талап бізбен бірдей болғанмен Түркияда білім алу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден кемінде 70 балл жинауы керек. Оқу мерзімі бес жылға созылады. Ал қазақстанның ҰҚК шекара академиясында бес мамандық бойынша офицерлер дайындалады.