Нұрлы ауылы маңындағы өрт сөндірілді: екі тікұшақ жұмылдырылды

Облыс аумағында құрғақ шөп пен қамыстың жануын сөндіру жұмыстары сәтті аяқталды. Қызыл жалын Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұрлы ауылынан шамамен 20 шақырым жерде тұтанған. Батпақты жерге жету қиын болғанына қарамастан өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады. Оқиға орнында 91 адам, 31 арнайы техника мен «Қазавиақұтқару» мекемесінің екі тікұшағы жұмылдырылды. Төтеншеліктердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толық сөндіріліп, жағдай тұрақтанды. Зардап шеккендер жоқ, қазір ахуал толық бақылауда.

ЕРЖАН ӘДІЛХАНОВ - АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Өрт сөндіру және ауыр техниканың өрт ошағына жетуін қамтамасыз ету үшін кірме жол салынды. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері, Шелек орман шаруашылығының мамандары және «Қазавиаспас» АҚ тікұшақтарының экипаждары жұмыс істеді. Әуе кемелері 55 рет су төкті. 110 гектар аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ» 

Сондай-ақ оқыңыз: