Барыстар додасы
Балқаш ауданында 1974 жылы туған азаматтар арасында шағын футболдан дәстүрлі аудандық жарыс өтті. Биылғы додаға ауданның әр ауылынан 15 команда қатысып, алаңда өзара мықтыны анықтады. Бұл – барыс жылы туып, 1991 жылы мектеп тәмамдаған азаматтардың бастамасымен қолға алынған, дәстүрге айналып келе жатқан спорттық сайыс. Мақсаты – аудан азаматтарын спортқа тарту, саламатты өмір салтын насихаттап, ағайын арасындағы ауызбіршілікті арттыру.
АСҚАРБЕК ӘЛПИЕВ - «БАҚАНАС» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ
«Артымыздағы ұрпаққа , келе жатқан жастарға өнеге болсын деп. Салауатты өмір деп.Бұл енді екінші ойынымыз. Мынау жиналып жатқан балқаш ауданының 18 пауылының 15 командасы ойнап жатыр»
Жарыс алғаш рет Көктал ауылында ұйымдастырылып, кейін дәстүрлі түрде жалғасын тапқан. Жыл өткен сайын қатысушылардың қатары артып, доданың ауқымы да кеңейіп келеді. Бір алаңда бас қосқан азаматтар спорт арқылы бір-бірімен жақынырақ танысып, достық қарым-қатынасты нығайта түсуде. «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, осындай шаралар ағайынның басын қосып, кейінгі буынға да үлгі болады.
ЕРБОЛ ІЗБАСАРОВ - «КӨКТАЛ» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ
«Бұл болашақта ауданның азаматтары бірін-бірі танысу мақсатында. Болашақ жастарымыздың , өздеріміздің балалырымызға осы спортты дәріптеп, сондай бір мақсатта осы жарыс ұйымдастырылып жатыр. Ұйымдастырушылар алдында да өткен июнь айының сезігінде Көктал ауылында болған. Сол көктал ауылында бірінші ұйымдастырушы біз болғанбыз. Сол эстафетамызды Жиделі ауылан бердік та Жиделі ауылы бүткіл Балқаш ауданы бойынеша ұйымдастырып жатыр»
Биылғы жарыста жүлделі бес орын сарапқа салынды. Нәтижесінде қарсыластарынан басым түскен Балатопар ауылының командасы бас жүлдені иеленді. Екінші орын Бірлік ауылының командасына бұйырса, үшінші орынды Қарой ауылының футболшылары қанжығалады. Жарыс соңында үздік ойын көрсеткен спортшылар да назардан тыс қалмай, бағалы сыйлықтармен марапатталды.