6 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары

Қырғызстанда  аяқталған VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстан құрамасы үшін жеңісті әрі жемісті болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманы табысты өнер көрсетуімен құттықтап, осындай жоғары нәтижеге спортшыларымыз тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтті. Жалпыкомандалық есепте ұлттық құрама 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медальді жеңіп алды. Бұл айтулы додада өңіріміздің спортшылары да дараланып, ел құрамасының жеңісіне салмақты үлес қосты. Қол күресінен 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Данил Устинов қос жүлдеге ие болды. Көкпардан ұлттық құрама сапында өңірдің үш бірдей шабандозы бақ сынады. Бәйге алаңында да шабандоздарымыздың бағы жанды. 18 шақырымдық топ бәйгеде Ерсұлтан Жарқын дара келді. Ал аламан бәйгенің жүлделі орындарын Алматы облысының шабандоздары жеңіп алды. «Айман» атты тұлпарымен Нұрасыл Бекбатыр бас жүлдені еншілеп, алтыннан алқа тақты.

 ДУЛАТБЕК ҚҰСБЕКОВ - АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Ат спорты түрі бізде ұлттық дәрежеде жақсы көзқараспен қаралуда. Көкпарымыз да дамып жатыр, бәйге спорт түрі де жақсы дамып жатыр. Аптада бір рет немесе айына бір рет кем дегенде бір бәйге жарыстары ұйымдастырылып жатыр. Алдағы уақытта спортшыларымызға тек қана жақсылық тілейміз. Көк туын көкке көтеріп жатқан осындай спортшыларымыз көп болады деген сенімдеміз»

Сондай-ақ оқыңыз: