Алматы облысының сот сараптамалары институтына 75 жыл толды
Алматы облысының сот сараптамалары институтына 75 жыл толды. Ғылыми мекеме мамандары отыздан астам бағыт бойынша зерттеу жүргізеді. Оның қатарында криминалдық, биологиялық, химиялық, молекула-генетикалық, баллистикалық және қолжазбатану сараптамалары бар. Мекеме жұмысында жаңа технологиялардың көмегімен түрлі зерттеулер жүргізіледі.
ЕРЖАН ТАНКЕЕВ - АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Мекемеде 98 қызметкер бар. Институт Қонаев қаласында орналасқан. Ал аудандарда бөлімшелеріміз бар. Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар және Жамбыл ауданында орналасқан . Аудандық бөлімшелерде сот-медициналық сараптамалар жүргізіледі. Бұдан бөлек, Талғар қаласындағы психиатриялық және наркологиялық сараптама бөлімі жұмыс істейді.»