«Алматы облысы Бас жоспар» серіктестігінің мемлекеттік үлесі сатылуы мүмкін

«Алматы облысы Бас жоспар» серіктестігінің мемлекеттік үлесі сатылуы мүмкін. Бұл мәселені облыстық мәслихат депутаттары талқылады.

Жиында кәсіпорынның болашағы мен жергілікті бюджетке әкелетін пайдасы қаралды. Бұл қадам Қонаев пен Алатау қалаларының бас жоспарын әзірлеп, құрылысты цифрландырумен айналысатын компанияның жұмысын жетілдіруді және  жергілікті бюджетке  кіріс әкелу үшін жасалып отыр. Компания бюджеттен қаржы алмайды.Тыңдау мемлекеттік мекемелерді біртіндеп бәсекелестік ортаға өткізуді көздейді. Заңға сәйкес, өңірдегі коммуналдық меншікке қатысты маңызды шешімдер осындай қоғамдық тыңдаулар арқылы қабылданады. 

БОЛАТ МҰСЫЛМАНБЕКОВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
Қазіргі уақытта БАҚ-тағы жарияланымдардан кейінгі тиісті процедуралар мен депутаттық талқылаулар жүріп жатыр. Мемлекеттік деңгейдегі кез келген шешім алдымен халықтың сүзгісінен өтіп, қоғамдық пікірмен санасуы қажет. Сондықтан біз бұл жұмысты заң аясында және Президент жанындағы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырып жатырмыз.

МАХАББАТ БИГЕЛДИЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ 
«өзін өзі қаржыландыру мәселесі болашақта, біз мемлекеттік қаржыландырудың көп мекеменің жекешелендіруге ауыстырумыз керек. Бұл мемлекетіміздің басшысының алдымызға қойған үлкен жоспарларының бірі»

Сондай-ақ оқыңыз: