Қазақстанда паралимпиадалық бочча спорты туралы алғашқы көркем фильм бастау алды

Елімізде паралимпиада спортшылары туралы жаңа көркем фильм түсіріліп жатыр. «Ерекше» деп аталатын бұл туынды — бочча паралимпиадалық спорты жайлы түсіріліп жатқан алғашқы отандық фильм. Жобаны «Tiger Films» компаниясы Қазақстан Бочча федерациясының қолдауымен жүзеге асыруда. Бас демеуші – «Kinopark Group» компаниялар тобы.

4 қарашада басталған түсірілім Алматы, Астана және Ақтау қалаларында өтуде. Фильм желісінде еш таршылық көрмей өскен жас жігіттің тағдыры баяндалады. Мас күйінде көлік айдағаны үшін 70 сағаттық қоғамдық жұмысқа жіберілген ол сол жерде сал ауруымен ауыратын інісіне қамқор болып жүрген Әйгеріммен танысады. Бұл кездесу оның өмірін түбегейлі өзгертеді.