Қонаевта жалпы қалалық сенбілік өтті

Қонаевта жалпы қалалық сенбілік өтті
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қонаев қаласының 55 жылдық мерейтойына орай «Таза қала – таза сана» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Шараға 200-ден астам қала тұрғыны, жүзге жуық кәсіпкерлік нысанының иелері мен мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты.

Сенбілік барысында қоғамдық аумақтарда тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 400-ден астам қап қоқыс жиналып, көшелер, саябақтар мен аулалар ретке келтірілді.

Бұл бастама қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, абаттандыру мәдениетін арттыруға және туған жердің игілігі үшін ортақ еңбек дәстүрін дамытуға бағытталған.