Даулы құрылыс
Қонаев қаласының тұрғындары жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысына қарсылық білдірді. Олардың айтуынша, көпқабатты үй жеке секторға тым жақын салынбақ. Соның салдарынан үйлеріне күн сәулесі түспей қала ма деп алаңдайды. Тақырыпты Аружан Мұратқызы тарқатсын.
Дау Қонаев қаласының 18-шағынауданында, Мұқанов көшесі, 90-үй маңында туындап отыр. Бұл жақында ғана халық қоныстанған жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақ. Тұрғындардың сөзінше, дәл осы жерге көпқабатты үй салу жоспарланған. Алайда жоба бойынша жеке сектор мен биік ғимарат арасындағы арақашықтық тым аз. Соның салдарынан жаңа ғимарат салынса, маңайдағы үйлерге күн сәулесі мүлде түспей қалуы мүмкін.
АЖАРКҮЛ ЕРНАЗАРОВА
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
БАҚЫТ БОШАНОВ
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Тұрғындардың айтуынша, мемлекеттік органдарға бірнеше рет шағым түсіргеніне қарамастан, құрылыс жұмыстары тоқтамаған.Біз бұл мәселеге қатысты жауапты органдардан ресми түсініктеме сұрадық.
АҚЕРКЕ ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
ҒАБИДЕН ӨЗЕНБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Көпқабатты тұрғын үй кешенінің салына ма, жоқ па әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Қазіргі уақытта барлық мәселелер бойынша тұрғындарға бақылау басқармасына жүгіну ұсынылады.