Іле Алатауындағы орманшылар отбасы
Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі көркем табиғатымен талайдың таңдайын қақтырып келеді. Сұлу өлкенің қайталанбас көрінісін күтіп баптау, өрт пен табиғат апатынан сақтау орманшыларға жүктелген міндет. Түрген шатқалында осы бір жауапты іспен жылдар бойы айналысып келе жатқан орманшылар отбасы бар. Отағасы айналаның тыныштығын күзетсе, жұбайы жасыл желектің жайқалуын қадағалайды.
Жасыл желекті қызғыштай қорып, жанындай аялайтын жандардың бірі Баққожа Нұрасылов. Орман қызметіне жүрек қалауымен келген азаматтың Түрген орманшылығында еңбек етіп жүргеніне 25 жылдан асқан. Ал орманды қызғыштай қорып, жан жануарын күзетіп, жасыл желегін көбейтіп жүргеніне небәрі 5 жылға жуық уақыт болған. Ол алқаптың гүлденуіне, туристердің алаңсыз әрі қауіпсіз саяхаттауы үшін аянбай еңбек етіп келеді.
БАҚҚОЖА НҰРАСЫЛОВ
ОРМАНШЫ
«Таңертен тұрып айналымды аралаймын. Ертеңгі сағат 8 ден айналымға шығамыз. Аңдарды, орман өртін қараймыз. Болдырмай мақсатында жұмыс істейміз. Демалушылармен әңгімелесеміз өрт болдырмау мақсатында. Айналымда қызметтік үйге келеміз»
Орманшының жұбайы да қасында. Анаргүлдің Тукановааның қызметі арнайы дайындалған жерлерге көшет отырғызып, арамшөбін жұлып, зиянкестерден сақтау. Орман шебері қызыл кітапқа енген өрік, сиверс алмасы, шіреңкі шыршаларының тұқымын дайындап, көшет өсіреді. Кейін қолынан шыққан мыңдаған тал үлкен орманға айналады. Арасында көп кездесе бермейтін, бұрын соңды егілмеген шыршалардың да көшеттері жетерлік.
АНАРГҮЛ ТУКАНОВА
ОРМАН ШЕБЕРІ
"Күз айында алманы кесіп, инспекторлар дәннен алманы жуып, тазалап, дәнін кептіріп, стеклянный бутылда сақтап дайындаймыз. Уақытысы келгенде жерге сеуіп өсуіне жағдай жасаймыз."
Ағаш өсіруші, қорықшы, орманшы, орман инженері бұлардың барлығы да аса жауапкершілікті талап ететін, баруға көптің батылы бара бермейтін жауапты іс. Табиғатты өрттен қорғаудан бастап, сиреп бара жатқан жан-жануар мен өсімдік атаулыны сақтау абыройлы міндет.