Шегірткемен күрес

Талғар ауданында шегірткеге қарсы күрес шаралары талқыланған семинар-кеңес өтті. Биыл республика бойынша 2 миллион гектар алқапты зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Шегіртке тектес зиянкестердің адам өміріне қаупі қандай? Бұл бағытта қандай шаралар қолға алынуда? Толығырақ келесі бейнематериалда.


Облыста 150 мың гектар жер шегірткеға қарсы  химиялық өңдеуден өтеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының айтуынша, биыл зиянкестермен күресті тиімді жүргізу үшін жаңа тәсілдер енгізілді.


САЯТ САҚМОЛДИН 
ҚР АШМ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Алдыңғы жылы желдеткіш бүріккіш техникалардың тәуліктік нормалары 100 гектар болса, биыл 70 гектарға төмендетіліп отыр. Ол дегеніміз осы химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы әрі ұтымды пайдалануға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен бірге мына пессициттердің биологиялық бейімділігін 85 пайыздан 95 пайызға ғылыммен бірлесе отырып, көтеріп отырмыз.»


Ғалымдардың мәліметінше, ауыл шаруашылығы алқаптарына негізгі қауіп төндіретін - италиялық және азиялық шегірткелер. Қазір олардың саны алаңдатарлық деңгейде емес. Дегенмен,  көбейе түскен сайын егістікке айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Облыста азиялық шегірткенің таралу аймағы - Іле өзені маңы. 


БАҚЫТЖАН ДҮЙСЕМБЕКОВ 
Ж. ЖИЕМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИН ҒЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ 
«Қауіпті зиянкестердің қатарына жатқызу себебі бұлар ҚР топырақ жағдайларына байланысты 10-11 жылда жаппай көбейіп үлкен экономикалық шығып алып келіп жатады. Ал енді мароккалық шегіртке болатын болса, 5-6 жыл көлемінде бір көтеріліп, бір түсіп отырады. Енді бұл мәселе бойынша біздің Республикалық бюджеттен өте қатты бақылауда тұрады.» 


Зиянкестер санын шектеу үшін химиялық препараттар қолданылады. Ал саны азайғанда тәсіл өзгертіліп, биологиялық препараттарға басымдық беріледі, олар да зиянкестермен күресте тиімді нәтиже береді.


ДИМАШ СЫДЫҚОВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
«Біріншіден өзлдеріңізге белгілі бұл жылы мекендерде қазір бірінші жағдайда шығады. Мысалыға өзіміздің Қонаев қаласы, сонан кейін мына Ұйғыр ауданы қай ауданда жылы тезірек ,,,,, жұмыртқасы тез жарылып шығатын уақыты басталды. Республкалық бюджеттен үйірлі шегірткелерге 280млн тенгеге жуық, ал біздің жергілікті бюджеттен саяқ шегірткеге 292 млн тенге бөлінді.

Шегірткеге қарсы күреске 1500-ге жуық рұқсат етілген пестицид түрі бар.  Егістікте зиянкестер байқалған сәтте-ақ шаруалар тиісті мекемелерді хабардар етуі қажет. Себебі әр аймақта фитосанитарлық жағдайды бақылап, талдау жасайтын арнайы орталықтар бар. Олар алынған ақпарат негізінде алдағы химиялық өңдеу жұмысын алдын ала жоспарлап, іске асырады.

Сондай-ақ оқыңыз: