Дарынды Диас

Алматы облысының 100 ауыл оқушысы IQanat олимпиадасының финалисі атанды.  Олар Көкшетауда өткен білім сайысының екінші турында ең жоғары нәтиже көрсеткен мың оқушының ішінен іріктеліп шықты. Қарасай ауданы, Алмалыбақ аулының  оқушысы Диас Әбділхақ та финалистер қатарында. Ол ауыл оқушыларын олимпиадаға дайындап,  80 оқушыға қолдау көрсеткен. Олардың басым бөлігі білім гранттарын жеңіп алды. Тәлімгерлік танытқан Диас арнайы грантқа ие болып, бүгінде өзі де шәкірттерімен бірге білім алуда. Бағдарлама аясында оқушылар онлайн оқудан өтіп, ҰБТ-ға, Назарбаев Университеті қабылдау емтихандары мен  халықаралық ағылшын тілі тесттеріне дайындалады.

Сондай-ақ оқыңыз: