Жол апаты азаймай тұр

Өткен жылы облыстың тас жолдарында  3700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, көптеген адам қаза тапты. Жыл басынан бері де қайғылы оқиғалар азаймай отыр. Бұл туралы ведомствоаралық үйлестіру тобының отырысында айтылды. Апаттардың негізгі себептері ретінде  - жылдамдықты шамадан тыс асыру, қараңғы көшелер мен  нашар инфрақұрылым  аталды.  Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов жағдайды сынға алды.  Енді «Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас» автожолының ең қауіпті 40 шақырымында жаяу жүргіншілерге арналған қоршаулар орнатылады. Сонымен қатар елді мекендер арқылы өтетін учаскелерде 10 жерүсті өткел  мен көлік айрықтары салынбақ. Сондай-ақ тәртіп бұзушылықты жедел анықтайтын бейнебақылау камералары іске қосылды.


ЕРКЕБҰЛАН АХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ  ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Жол көлік оқиғларын талдау жүргізгенде жаңағы негізгі фактор ол адами фактор. Қарапайым жол ережесін сақтамау. Станционарлық орнатылған бейнебақылау камерасының жанына келгенде жылдамдықты азайтады да ары қарай кеткенде сол бұрынғыша жылдамдығын асырып жылдамдығын жүре береді. Ал мына бағдарлама ортада жүріп өткен жылдамдықты есептеп асырған болсаңыз сізге айыппұл жібереді. Сондық сол екі жерге қойдық, болашақта басқа да республикалық жолдарда толығымен қамтуда жомпарда» 

Сондай-ақ оқыңыз: