Медицина мәселесі

Қонаев қаласында Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. Жиында жыл басынан бергі  атқарылған жұмыс қорытындыланды. Оның ішінде өңірдегі медициналық саланың негізгі көрсеткіштері, инфрақұрылымның дамуы және алдағы міндеттері қаралды.

      МЕДИЦИНА ЛЭД


Алматы облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қырыққа жуық медициналық нысанның құрылысы аяқталды.  Барлық нысандар облыстық денсаулық сақтау басқармасының теңгеріміне берілді. Инфрақұрылымды дамыту мақсатында бірқатар ірі инвестициялық жобалар да жүзеге асырылуда. Олардың қатарында Қаскелең қаласындағы 500 келушіге арналған өңірлік емхана, инфекциялық аурухананы жаңғырту және сейсмикалық күшейту, 200 төсектік перинаталдық орталық құрылысы бар.


ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«25-жылдың нәтижесі бойынша 44 нысан салып және осы жылы 26-жылы қандай жобалық нысандар бар, соны қалай енгіземіз және біздің бүгінгі үш айдың нәтижесі бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің 29 индикаторы бойынша 27-сі жетілді және екеуі бойынша біз жұмыс істейміз әрі қарай»

Алқа отырысында кадр мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда өңірде 3 244 дәрігер және он мыңнан аса орта буын медицина қызметкері еңбек етеді. Біліктілікті арттыру үшін жыл басынан бері 36 маман Ресей мен Беларусьтің жетекші клиникаларында тәжірибеден өткен. Олар  27 сәуірден бастап мобильді топтарға қосылып, ауылдық жерлердегі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға үлес қосады.

НҰРГҮЛ БАТЫРБЕКОВА
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГЫ
«Мен 15-ші наурыз және 10- сәуір аралығында Санкт-Петербург қаласында Алмазов атындағы федералды мамандандырылған үшінші дәрежелі перинаталды медициналық мекемесінде біліктілігімді арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында оқуға барып келдім. Оқу барысында жаңа теориялық білім, практикалық дағдылар және диагностика емдеу ісімен таныстым. Жоғары санаттағы дәрігерлерден тәжірибелі білім алмастым

Ал халықаралық оқыту бағдарламасы аясында биыл  еліміздің 500 студенті білім гранты арқылы Үндістанға барады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар елімізге жыл сайын үндістандық студенттер де келіп жатыр. Олар негізінін  медицина, инженерия және IT бағытында жоғары білім алуға келеді.

ТАРА ЧАНД НЕХРА 
ҮНДІСТАНДЫҚ КОМПАНИЯ ӨКІЛІ 
Аударма «Біздің жас мамандар Қазақстанға келіп білім алуға үлкен қызығушылық танытуда. Әсіресе медицина саласын таңдаушылардың қатары көп. Бұл – екі ел арасындағы бұрыннан қалыптасқан тәжірибе алмасу бағдарламасының нәтижесі. Біздің жастар осы мүмкіндіктің игілігін көріп, Қазақстанда алған білімін  тиімді қолданып жүр»

САКШИ ХИНСВАЛ
СТУДЕНТ
Аударма «Қазақстандағы білім беру сапасы жоғары деп санаймын. Ең бастысы, мұнда шетелдік студенттер үшін қажетті жағдай жасалған. Оқыту бағдарламасы бізге қолайлы. Осы жерде көп тәжірибе жинап, жаңа достар таптым»

Жалпы елімізге медицина саласы бойынша білі алуға келетін шетелдік студенттер негізігег жалпы медицина, стоматология және фрмацевтиканы таңдайды. Олар Алматы облысындағы ауруханаларда да тәжірибеден өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз: