Дала мектебі

Райымбек ауданында ауыл шаруашылығы саласына жас мамандарды тарту жұмысы жанданды. Ауданға өндірістік тәжірибеден өтуге Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 41 студенті барды. Жас мамандарды өңір басшылығы қарсы алып, қолдау көрсетілетінін жеткізді. Тақырыпты аймақтағы тілшіміз Аяла Ұланқызы жалғастырады. 

Айдан басшысы әр студентті жеке-жеке шаруашылық иелеріне табыстап, олардың тәжірибе жинауына барлық жағдай жасалатынын атап өтті. Бұл бастама – жастарды ауылға тарту мен салаға білікті мамандар даярлаудың тиімді жолы.

АСЫЛБЕК МАЙЛЫБАЙҰЛЫ
ҚАЗҰАУ ВЕТЕРИНАРИЯ ЖӘНЕ ЗООИНЖЕНЕРИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ
“Қазіргі пилоттық жоба бойынша мінекей студенттерімізді осы биылғы төл уақытында практикадан өткізіп алу болып тұр. Яғни біз бұданда бұрынғы жылдары жұмыс жасағанбыз, яғни осв ауданменен. Қазіргі кезде осы жұмыстарды жаңғыртуды қайтадан бастап, каз аудан әкімімен университет арасындағы келісімшартқа сәйкес келіп жұмыс жасап отырмыз.”

Жалпы өндірістік тәжірибе мерзімі 20 күнге жоспарланған. Студенттер  әртүрлі шаруа қожалықтарына бөлініп, ауыл шаруашылығының нақты жұмыс барысымен танысады.  Олар егін және мал шаруашылығы бағытында еңбек етіп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады.

ЖАНБОЛАТ ДОҒДЫРБАЙ
СТУДЕНТ
“...Біз Сарыбастау ауылдық округіне тиесілі “Диқан” Шаруақожалығына 6 бала болып, қазіргі таңда өндірістік тәжірибеден өтіп жатырмыз. Өндірістік тәжірибеде жалпы біз  оқығанымызды іс-жүзінде асырып, білгенімізді көріп, білмегенімізді осы жердегі ағалардан үйренір жатырмыз. Райымбек ауданы бізді табиғатымен, қонақжайлығымен таңқалдыруда.”  

Практика барысында студенттердің еңбегі де ескерусіз қалмайды. Шаруа қожалықтары олардың атқарған жұмысына қарай еңбекақы төлеп, жастардың ынтасын арттыруда. Мұндай қолдау болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына оң ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыз: