Жол құрылысы
Биыл Алматы облысында республикалық маңызы бар 308 шақырым тас жолда орташа жөндеу жұмысы аяқталады. Оған Қаскелең – Күрті, Нарынқол – Кеген, Шонжы – Көктал, сондай ақ Байсерке – Ақсай сынды күре жолдар кіреді. Ал асфальттау жұмысына жаңа типтегі технология қолданылуда. Бұл технологияның ерекшелігі неде? Тақырыпты кеңірек тілшіміз толықтырады.
Орташа жөндеу жұмыстары қызыу жүріп жатқан бұл аралық Байсерке – Ақсай ауылы арасындағы 33 шақырым жол. Қазір мұнда жалпы 30 дан аса әр түрлі техникамен 40 тан аса адам күші жұмылдырылған. Жұмыс осы айдың басында басталды. Кестеге сай келесі жылдың қыркүйегінде аяқтауы тиіс. Алайда мердігер жаңа технология көмегімен жұмысты осы жыл соңына жеткізбей тындырамыз дейді.
ҚҰРМАНЖАН ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
ТІЛШІ
«Мұндағы жолды асфалттеру технологиясына қарасаңыздар бұрынғыдан мүлде өзгеше. Ескі асфалттің бетін қырып алмай тұрып ақ үстіне мына шағыл тастарды төсеп, жаяды. Ары қарай асфалттеру жұмытсарын бастап кетеді. Мамандардың айтуынша бұл жаңа технология бірінішіден уақыттан ұтуға, екіншіден артық шығын шығармауға үшіншіден жол төселімін сапалы жасауға мүмкіндік береді»
РУСЛАН БАЙМЕНОВ
МЕРДІГЕР
«Ескі асфалттің үстіне шебін салып, сосын бір қабат семент шашып, сумен араластырып бетон қыламыз. Оның үстінде екі қабат асфалті болады»
Биыл облыста 300 шақырымнан астам жол жөнделмек. Оның ішінде шалғайдағы Нарынқол – Кеген мен Шонжы – Көктал ауылдарын жалғайтын кұре жолдары да толықтай соңына жетеді.
ЖАНАТ ӨТЕПБЕРГЕНОВ
«ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ АҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Биылғы жыл жоспар бойынша жаңағы атлған жолдарды осы жыл соңына дейін бітіруге бар күшімізді саламыз. Қазір осы Байсерке - Ақсай аралығында ірі тасты асфалтті бетон жамылғысы төселіп жатыр. Мұнда жаңағы ресайклер технологиясы қолданылған. Оның үстіне 6 сантиметр және 5 сантиметр болатын екі қабат асфальт төселетін болады»
Жол жөндеудің жаңа технологиясы арқасында төселетін асфальт берік, әрі ұзақ мерзімге төзімді болады дейді мамандар. Жалпы облыстағы күре жолдларды орташа жөндеуге биыл бюжеттен 18 миллиярд теңге шамасында қаржы қарастырылған.