Балық аулауға тыйым салынды

Алматы облысының су айдындарында балық аулауға уақытша тыйым салынды. Шектеу балықтардың уылдырық шашу кезеңіне байланысты енгізілді. Бүгіннен бастап Қапшағай су қоймасында, ал 25 сәуірден Балқаш көлінде балық аулауға болмайды. Мамандардың айтуынша, тыйым маусым айына дейін сақталады. Кейбір аймақтарда шектеу ай ортасына дейін жалғасуы мүмкін. Осы кезеңде балық аулау заң бұзушылық болып саналады. Ол үшін жауапкершілік қарастырылған. Шектеулерге қарамастан, заң талаптарын елемейтіндер де бар. Балқаш-Алакөл өңіраралық балық шаруашылығы инспекциясы мен табиғатты қорғау полициясы бірлескен рейдтер жүргізілді. Жыл басынан бері бас-аяғы 120 заң бұзушылық дерегі анықталып, 2 тоннадан астам балық тәркіленді. 


РИНАТ ҚҰМАШЕВ
БАЛҚАШ-АЛАКӨЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙІНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
3 млн.нан астам айппұл және балық ресурстарына келтірген залал үшін 16,8млн. теңге талап-арыз берген. «Сонымен қатар балық ресурстарына үлкен залал келтіргені үшін ҚР ҚК сәйкес екі қылмыстық іс қозғалған» 

Сондай-ақ оқыңыз: