Сүлеймен Демирел университетінде “Study in Kazakhstan” көрмесі өтті
Қарасай ауданы, СДУ университетінде еліміздегі жетекші 54 жоғарғы оқу орнын бір алаңға тоғыстырған “Study in Kazakkhstan” көрмесі өтті. Жиында Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері қос диплом бағдарламасы мен еліміздегі шетелдік жоғарғы оқу орындарының филиалы жайлы ақпарат беріп, жастарға берер мүмкіндігін атап өтті.
Алматы - еліміздегі ірі мегаполис. Сәйкесінше, жастардың көбі арман қуып осы қалаға оқуға түседі. Алайда еліміздің өзге аймақтарында шетелдік жоғарғы оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Аталған шараға бес мыңға жуық мектеп бітіруші түлек қызығушылық білдірді.
РУСЛАН ЕМЕЛБАЕВ
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
«Мысалы Шотландиялық,,,,, университетінің филиалы Ақтөбедегі Жұбанов университеті базасында, Петропавл қаласында Америкалық Аризона университетінің филиалы ашылған. Бұл енді талапкерлерег тек қана Алматы мен Астана емес, бұл жерде білесіз, өте үлкен жүктеме түсіп жатыр. Бұл жерде жатақхана мәселесі әсіресе Алматыда туындап жатады. Университеттерде аудитория мәселесі туындап жатады. Сондықтан біз талапкерлеге өкңілерде ашылып жатқан шетелдік жоо ға түсуге үгіт насихат жүргіземіз.»
Түрлі маман иесі атануды мақсат еткен аудан түлектері өз таңдаған саласының қыр-сырын жан-жақты талқылады. Ашық алаңда жоғары оқу орындары ұсынатын мүмкіндігімен жіті танысты. Соның бірі Әйтей ауылынан келген Аслан. Ол мұғалім болғысы келеді. Сондықтан болашақ мамандығына қатысты мол ақпарат жинауға тырасады. Бұл басқосу сонысымен пайдалы болды.
АСЛАН САРЫҚҰЛ
ОҚУШЫ
«Өте көп пайдасы бар. Яғни білмеген ақпараттарды біле аламыз. Түскісі келетін университетермен ашық таныса алады. Жалпы студенттерге, 10-11 сынып оқушыларына өте пайдасы зор.»
ӘСЕЛ ЕРКІМБАЕВА
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Қарасай ауданы бойынша 5800 мектеп бітіруші түлектеріміз бар биылғы жылы. Жалпы мемлекеттік және жекеменшік мектептерді қосқанда. СКЛ. Және бұндай шараларда балаллар көбінесе өзінің ұнатқан жақсы мамандықтарын ойламаған университет базасынан тауып жатады. Бұл біз үшін өте ұтымды..»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған Study in Kazakkhstan жобасы елімізде шетелдік жетекші университеттердің филиалдарын ашу арқылы отандық талапкерлерге халықаралық деңгейдегі білімді өз елінде алуға мүмкіндік жасайды. Аталған шара дәстүрге айналып келеді. Былтыр өткен талапкерлер фестиваліне аудан түлектері көптеп тартылып, грант иеленген оқушы саны да артқан.