Зауыт құрылысы басталды
Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдейтін зауыттың құрылысы басталды. Уақыт капсуласын салтанатты түрде қою рәсіміне аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев қатысты. Өңірде заманауи экологиялық кластер құрудағы жаңа жоба жайлы әріптесім Құрманжан Қасымжанұлы баяндайды.
Әйтей ауылында салынатын қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытының құрылысын жеке компания жүзеге асырады. Ал «Өнеркәсіпті дамыту қоры» қаржылай қолдамақ. Зауыттың жалпы құны 15 млрд. теңге. Кәсіпорында жылына 450 мың тонна қатты қоқыс өңделіп, 300 адам тұрақты жұмысқа орналасады.
МАҚСАТ ҚИҚЫМОВ
«АТАМЕКЕН» ҰКП ӨҢІРЛІК ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Ең маңызды осындай зауытты полигонның қасынан салу. Біріншіден, мусор полигонға емес, осы зауыттың өңдеуінен өтеді. Ары қарай уже полигонға кетеді. Ең бірінші маңызды бізде пластик жағынан. Ол 3,5 мыңнан астам тонна жылына осы өңдеуін жасаймыз. Әрине, ол металы бар, әртүрлі заманауи РДФ-топливо дейді ғой, соны шығарамыз осы жерден.»
Зауыт іске қосылғанда тұрмыстық қалдықтардың пластик, темір, әйнек және қағаз сынды төрт түрі сұрыптап өңделеді. Ал, қайта өңдеуге жарамсыздары мүкіндігінше био-отынға айналады.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Жалпы бұл Алматы облысында 40 жыл істеп жатқан полигон ғой мынау. Енді бұны сұрыптау, өңдеу біз үшін өте маңызды. Күннен күнге қоқыстардың мынау мөлшері артып бара жатыр. Оны қайта өңдеп дұрыс пайдалану өте маңызды. Мұндай бастамаларды әкімдік тапатан қолдаймыз. Оның үсітіне өкімет тараптан да үлкен қолдау бар.»
Кәсіпорын алдағы уақытта тағы бір қосалқы өңдеу зауытын салуды да жоспарлап отыр. Бұл жобаға10 милиярд теңгеден аса қаржы жұмсалмақ. Мұнда жылана 14 мың тонна шамасында пластик қалдықтарды қайта өңделіп, экономикалық айналымға енгізіледі.