9 тонна қоқыс шығарылды
Алматы облысында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті.
Іс-шара Іле өзенінің бойындағы «Көшпенділер қаласы» мен «Таңбалы тас» шатқалы маңында ұйымдастырылды. Жартастарға қасақана жазылған жазулар өшіріліп, жиналған қоқыс арнайы күресінге шығарылды. Іле бойындағы тазалық мәселесін тек табиғат жанашырларының күшімен шешу мүмкін емес. «Ол үшін қоқыс контейнерлерін көбейтіп, бейнебақылау арқылы табиғатты ластағандарға жаза қолдану керек» дейді ұйымдастырушылар.