Түрген туризмі түлеуде

Алматы облысында ішкі туризм дамып келеді. Өткен жылы Алатау бөктерінің саялы  жерлерінде 700 мыңға жуық адам демалып, шетелдік  туристер саны артқан. Саяхатшылардың басым бөлігі "Іле Алатауы"  ұлттық паркін таңдайды екен.

Іле Алатауы ұлттық паркіндегі Түрген шатқалы туристер ең көп аялдайтын аймақ. Мұнда келушілер табиғаттың сұлу жаратылысы биік сарқырамаларды тамашалауға келеді. Шатқалда  7 сарқырама бар. Олардың ең биігі 74 метрлік "Қайрақ" сарқырамасы.

Ал бұл Түрген сайдағы Туристер ең көп келетін орын «Аюлы сарқырамасы»  Теңіз деңгейінен 30 м биіктікте орналасқан оның биіктігі 33 метр»+ «Сондай-ақ мұнда саяхатшылар ҚР «Қызыл кітабына» енген өсімдіктің 35 түрін кездестіре алады. Жалпы парк аумағында сирек кездесетін құстардың 20 түрі тіркелген. Оларды 16-сы еліміздің, қалған 4-і халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл кітабына енген.


Парк жануарлар әлеміне де ерекше бай. Мұнда мекендейтін 47 сүтқоректі жануардың бесеуі Қызыл кітапқа енген. Олар – қар барысы, тянь-шань қоңыр аюы, түркістан сілеусіні, тас сусары, үнді жайрасы. Сонымен қатар, 5000-нан астам омыртқасыз жануартүрі бар. Осынша ғажайыпты көруге алыс-жақын шетелден ағылатындар да артып келеді.

ХУСЕЙН ЧЕТИН 
ТУРИСТ 
«Біз Түркиядан қыдырып келдік. Осы жақтың әсем табиғаты ұнап жатыр.  Әсіресе, биік таулары мен сарқырамалары керемет екен. Адамдары да қонақжай, бізді жылы қарсы алып жатыр»

Мұнда демалыс орындарының саны көбейіп, қызмет сапасы жақсарып келеді. «Саяхатшыларға табиғи таза, ұлттық өнім ұсынамыз» дейді кәсіпкерлер.

НҰРСҰЛУ КӨКІРЕКБАЕВА
КӘСІПКЕР
«Бізде демалыс орны бар. Табиғаттың аясында демалу үшін келеді. Саумал мен қымызымыз бар біздің. Саумалға 252 витамин сақталған. Соны алып ішіп осында жатып кетеді. Қазақ үйдің біреуі бар. Шетелден келгендердің барлығы қазақ үйге келіп отырады, қызықтайды, сол жерге демалып қайтады»


Туристердің жайлылығымен қатар қауіпсіздігі де аса маңызды. Былтыр шатқалда қызыл жалын сегіз рет тұтанып, дер кезінде ауыздықталды. Сонымен қатар тағы бір өзекті мәселе – тазалық. Әсіресе, қоқыстарын тастап кететіндер экологияға айтарлықтай қауіп төндіріп отыр, дейді мамандар.

АРНҰР МҰХАМЕДЖАНОВ 
«ТҮРГЕН ОРМАНШЫЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қауіпсіздік мәселесі бойынша бізде әр туристік соқпақтарда туризм шеберлері мен айналым инспекторлары бар. Туристермен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Біздегі ең бірінші мәселе ормандағы өрт қауіпі мәселесі. Ормандағы өрт шараларының алдын алу, қоқыс тастамау бойынша, қауіпті жерлерге шықпау, суға түспеу бойынша біздің тарапымыздан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады»

Іле Алатауы ұлттық паркінің туризм инфрақұрлымы дамып жатыр. Мәселен  қазір Түрген Шатқалында екі бірдей визит орталық келушілерге қызмет көрсетеді. Жақында Аймақ Жанғалиев атындағы тағы бір ғылыми визит орталық ашылмақ. Бұдан бөлек арнайы аялдап демалатын орындар жасалған.

Сондай-ақ оқыңыз: