Ғылым шамы сөнбейді

Елімізде 28 мыңға жуық ғылыми қызметкер болса, соның 48 пайызы – 40 жасқа толмаған жастар. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.  Аясында ғылыми-танымдық көрме ұйымдастырылып, отандық ғалымдардың зерттеу еңбектері мен инновациялық жобалары таныстырылды. Сондай-ақ «Ғылым қоры» қолдаған коммерциялық жобалар да көпшілік назарына ұсынылды. Жиында ғылымды дамытуға үлес қосқан ғалымдар мен жас зерттеушілер марапатталды.  


ҚУАНТАР ӘЛИХАНОВ
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰҒА ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ
Ғылыми қаржыландыру 5 есеге дейін ұлғайып, сонымен қатар жас ғалымдарға әлеуметтік және қаржылай үлкен қолдаулар көрсетіліп отыр. Ол дегеніміз жыл сайын жарияланатын ғылыми жобалар, сондай-ақ атаулы премиялар мен мемлекеттік стипендиялар, сондай-ақ шетелдегі ғылыми тағылымдамалар, үздік ғылыми қызметкер, үздік жоғары оқытушысы атты әртүрлі конкурстарды атап айтуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз: