Ғалымдар марапатталды

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада ғалымдармен кездесіп, ғылымды дамыту және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады. Кездесу Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өтті. Мемлекет басшысы ғылымның ел дамуындағы мыңызына тоқталып, жаһандық бәсекеде табысқа жету үшін білім мен инновацияға басымдық беру қажеттігін айтты. Кездесуде  Әл-Фараби есімімен арнайы мемлекеттік сыйлық тағайындау бастамасы көтерілді. Бұл сыйлық ғылым саласында ерекше жетістікке жеткен ғалымдарды қолдап, ынталандырады.  Сонымен қатар Президент қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды. Жиын аясында отандық ғылымның дамуына үлес қосқан бірқатар ғалымдар мемлекеттік наградалармен марапатталып, бір топ жас ғалымдарға пәтер кілттері табысталды.Мемлекет басшысы ғалымдардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан еңбегін жоғары бағалап, алғыс білдірді. 

ГҮЛБАРШЫН СПАНҚЫЗЫ. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ 

«Бұл енді 30 жылғы осы жоғарғы оқу орнындағы еңбегімнің нәтьижесі. Мен үшін өте үлкен мәртебе. Және үлкен жауапкершілік жүктейді. Еліміздің ғылымының өркендеуіне әлі де өзімнің үлесімді қосамын деп ойлаймын»  

Сондай-ақ оқыңыз: