Құқықтық кеңес

Қарасай ауданында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтіп, тұрғындар заң аясындағы түйткілді сауалдарына  жауап алды. Жобаның мақсаты  - бюрократиялық кедергілерді жойып, азаматтарға тегін әрі жедел заңгерлік кеңес беру.  Құқықтық сауат күнделікті қажеттілік. Қысқа уақытта 30-ға жуық тұрғын мамандар көмегіне жүгініп, әлеуметтік және жер қатынастары мәселелері бойынша нақты бағыт-бағдар алды. Осындай іс-шара тұрақты өткізіледі» дейді ұйымдастырушылар.  


ЖАҚСЫЛЫҚ ЖҰМАБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Көбінесе сұрақтары жер дау мәселесі бойынша, үй құрылысын қалай заңдастыру немесе суды қалай заңдастыру. Қылмыстық қудалауды қалай тоқтату туралы мәселелер бойынша біззе осындай сұрақтармен келіп отыр» 

ГҮЛБАНУ АСҚАРОВА
КЕМЕРТОҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
 «Қазір жақсы болды. Келіп, барлық сұрақтарымды қойдым. Сұрақтарымның барлығын қойдым, жауабымды алдым. Жиі-жиі болып тұрса, жақсы болар еді. Келуге де жақын үйге»

Сондай-ақ оқыңыз: