Өмірге құштар жандар
Қарасай ауданында бір жыл бұрын шырағын жаққан “Белсенді ұзақ өмір” орталығы бүгінде талай жанның өміріне жаңа леп әкелген ордаға айналды. Осы мерейлі межеге орай есеп беру кеші өтті. Сахна төрінде өнер көрсеткен қатысушылар жаңа дағдыларын ортаға салды.
Мұнда әр қатысушы өз қызығушылығына сай үйірмелерді таңдап, уақытын мазмұнды өткізуде. Ән мен жыр, би мен күй арқылы олар қуанышын көрерменге жеткізсе, енді бірі шахмат, йога секілді спорт түрімен айналысып, сергек өмір салтын ұстанады. Қазір орталықта 135 адам қызмет алады.
НАДЕЖДА БАЛАХОВА
БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Аударма «Иоганың арқасында дене бітіміміз қалпына келіп, ұйқымыз жақсарды. Күн тәртібіміз бар. Спортпен айналыссаң, ортаң жақсы болса өмірге өзгеше көзқараспен қарай бастайсың. Өзіңе деген құрметің артады»
Сырлы суреттердің көркемдігі көз тартады. Мұнда қызмет алушылар сурет салумен шектелмей, тоқыма тоқып, киім тігіп, зергерлікпен айналысып жүр. Ал мына ерекше шапан - қиылған оюға киіз басу арқылы жасалған. Көп жыл ұстазлдық еткен Әлия Сатаева қолөнерге бала күнінен жақын. Қазіргі сүйікті ісімен айналысады.
ӘЛИЯ САТАЕВА
БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
«Енді ең үлкен әжеміздің өзі 85 жаста. Ең кішіміз 62 деміз. Менің өзім қазір осы еңбек терапиясында көптеген тоқыманы, мына құрақ құрауды, сонан кейін жүннен заттар жасауға өте бейімделді. Оның барлығы үлкен кісілердің ой-қөрісін дамыту, мидағы ерв клеткаларын ояту, ссоын саусақ бұлшықеттерін оятады»
АҢСА ДҮЙСЕНБАЙ
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ
«Бізде облыстан берлген он бес штат 12 түрлі тегін қызмет көрсетеміз. Қарасай ауданының барлық зейнеткер ата мен аталарымызға. СКЛ. Мысалы кейбір апаларымыздың давлениесі болса, қазі давлениесі жоқ. Таңғы 7 ден келіп, ,,,, ходьбасымен жүріп, өздерін жақсы сезінеді»
Мәнді де мазмұнды ғұмыр кешуге ұмтылған жандар үшін бұл - шабыт пен серпіліс мекені. Алматы облысында осындай он бір мекеме жұмыс істейді.