Тазалық акциясы
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүйелі түрде жалғасып келеді. Іле ауданында ұйымдастырылған іс-шараға 300-ден астам адам қатысты. Олар көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтірді. Аула аумақтары тазаланып, ағаштар әктеліп, қоршаған ортаның көркі кірді. Жалпы, жыл басынан бері ауданда 4 сенбілік өткізіліп, оған он мыңға жуық адам тартылған. Нәтижесінде 642 тонна қоқыс шығарылып, 21 мыңнан астам ағаш отырғызылды.
ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ
ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Бұл акцияның мақсаты осы елімізді тазалыққа енді қазақта сөз бар ғой «Тәртіп болған жерде тазалық бар», сондықтан осы ауданымыздың тазалығы, мына жас ұрпақтарды, жас түлектерді осы тазалыққа шақыру, осы ауданымызды таза ұстауға міндеттелген акция»