Жаңғабыл мұрасы
Биыл Райымбек ауданының тумасы би, батыр болған Жанғабыл Әтекеұлының 175 жылдық мерейтойы. Айтулы датаға орай Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Зиялы қауым өкілдері бас қосқан жиында өз заманының белді өкілі болған Жанғабыл Әтекеұлының шығармашылығы орындалып, өмірі мен өнері жайлы тың деректер айтылды. Ел мен жердің мұң-мұқтажын жырлап, дау-дамайда әділ шешім айтқан шешеннің мұрасы – ұрпаққа үлгі. Іс-шараға қатысушылар ақынның ұрпақтарымен кездесті. Жиында шешеннің ел ішіндегі беделі, сөз өнері мен әділдікке негізделген ұстанымы айтылды.
БАҚЫТЖАН ҚАЙЫПБЕРДІҰЛЫ
ЖАҢҒАБЫЛ ӘТЕКЕҰЛЫНЫҢ ШӨБЕРЕСІ
Әтеке әкеміз Меккеге баратын кезінде 16 жасар баласы Жаңғабылға бүкіл ауылын аманаттап кеткен екен. Жаңғабыл әкеміз сөзге жүйрік шешен кісі болған. Бүкіл ауылын асыраған кісі. Бүкіл жиған тергенін ауылына шашып берген.
ЕЛЕУСІЗ АХМЕТКЕРІМҰЛЫ
ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Ол кісі туралы көп айтуға болады. Кезінде екі рет болыстыққа түсіп, екі рет болыс болған. 3 жылда бір дауларды шешетін болған. Жер дауы, жесір дауы, әртүрлі адамдар арасындағы дауларға Албан билері атынан қатысқан.