Қарасай ауданында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қарасай ауданында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қарасай ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Отбасылық құндылықтарды насихаттап, берекелі бірлікті үлгі етуге бағытталған бұл игі шараны Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды.

Байқауға аудан бойынша 8 отбасы қатысты. Олар – қоғамның түрлі салаларында белсенді еңбек етіп, жас ұрпаққа өнеге көрсетіп келе жатқан жанұялар. Қатысушылар қатарында ұстаздар әулеті, кәсіпкерлер, мәдениет пен спорт саласының үздіктері болды.

Іс-шара барысында Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Асылхан Еспаев қатысушы отбасыларды арнайы марапаттап, алғыс білдірді.

Байқауға қатысқан отбасылар:

  • Қалыбаевтар отбасы – Іргелі ауылдық округі
  • Бауыржан отбасы – Әйтей ауылдық округі
  • Қуанбай отбасы – Ұмтыл ауылдық округі
  • Туютовтар отбасы – Қаскелең қаласы

Жүлделі орын иегерлері:

🥉 III орын – Альменбетовтар отбасы (Бірінші Май ауылдық округі)

🥈 II орын – Аширалиевтер отбасы (Жамбыл ауылдық округі)

🥇 I орын – Қыдыралиевтер отбасы (Жібек жолы ауылдық округі)

🏆 Бас жүлде – Бекдайыр отбасы (Қаскелең қаласы)

Бас жүлде иегері атанған Бекдайырлар отбасы енді байқаудың облыстық кезеңінде Қарасай ауданының намысын қорғайды.

Бұл шара – тек марапаттау рәсімі ғана емес, ел болашағының іргетасы саналатын отбасының маңызын дәріптейтін маңызды оқиға. Осындай өнегелі жанұялардың көп болуы – қоғамымыздың мызғымас тірегі мен жарқын болашағының кепілі.