Кептеліс қашан азаяды: Алматы–Бішкек жолымен тәулігіне 100 мыңға жуық көлік өтеді
Алматы–Бішкек бағытындағы күре жолмен тәулігіне 100 мыңға жуық көлік жүйіткиді. Осы жолдың 19 бен 27-ші шақырым аралығынан өту тіпті азап. Ауылдан қалаға ағылған жұрт кептелісте сағаттап тұруға мәжбүр.
Қаладан шығатын бағыттың бірі Алматы-Бішкек бағытындағы ұзын-сонар кептеліске жұрт үйреніп те қалған. Әсіресе кешкі уақытта қозғалыс күрт баяулап, көлік легі жылжымай қалады.Кептеліс туындауына көлік санының артуы, жолдың тарлығы және қозғалыстың дұрыс ұйымдастырылмауы себеп. Әзірге мәселе толық шешімін таппағандықтан, тұрғындар бұл жағдайға көнуге мәжбүр.
Алматы облысында жол мәселесін шешу бағытында ауқымды өзгерістер жүзеге асыру жоспарланып отыр. Әсіресе, жүргізушілерді әбден әбігерге салған Алматы–Бішкек тасжолы жақын жылдары жаңа келбетке енуі мүмкін. Қазіргі төрт жолақты күре жолды сегіз жолаққа дейін кеңейту қарастырылған. Жоба жүзеге асса, кептеліс айтарлықтай азайып, жолдағы қозғалыс әлдеқайда жеңілдейді. Қазір мамандар жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үстінде. «Құжат толық бекітілген жағдайда, құрылыс жұмысы көп күттірмей, жазда қолға алынуы ықтимал» -дейді мамандар.
ЖАНАТ ӨТЕПБЕРГЕНОВ
“ҚАЗАВТОЖОЛ” ҰК АҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Көптеген кептеліске байланысты халықтың сұранысына байланысты осы жобаны біз өткен жылы бастап кеттік. Қазіргі таңда жоба толық аяқталды. Қазіргі таңда жобамыз мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. СКЛ. Жобаның аясында біз алдында айтып кеткендей төрт жолақтан сегіз жолаққа кеңейтетін боламыз. Ол жаңағы жолдың өткізу қабілетін едәуір арттырады. Кептелістер азаяды»
Биыл облыс бойынша 308 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдарға орташа жөндеу жұмысы жүргізілуі тиіс. Оның ішінде жаңа учаскелер, сондай -ақ ақылы мен өтпелі жолдар да бар. Алматы – Бішкек тасжолында көлік легі көп болғандықтан атқарылатын жұмыс та көп.
АМАНГЕЛДІ ЖАРМҰХАМЕДҰЛЫ
«ҚАЖСЕРВИС» ЖШС АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ
«Атап айтсақ, оның ішінде жолдың шұңқырларын жөндеу 15 мың шаршы метр. Сонымен қатар 500 дана жол белгілерін орнату, 240 шаршы метр ақпараттық көрсеткіштерді орнату. Сонымен қатар жолдың жарықтарын ,,,,,,,, бітеу жұмвстары жоспарланып отыр.»
Жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыс аясында маңызды нысанның бірі - 25-шақырымдағы жол айрығының құрылысы. Былтыр іргетасы мен тірегі толық аяқталып, жоба біршама ілгері жылжыған. Алайда жобаны толық іске асыру үшін жол бойында орналасқан 25 жер телімін мемлекет қажетіне сатып алу қажет. Қазір келіссөз жүргізілуде. Ал көпір құрылысы баяу жүріп жатыр. Нысан іске қосылса, көлік қозғалысы айтарлықтай жеңілдеп, жүргізушілер үшін жол әлдеқайда қауіпсіз әрі ыңғайлы болады.
ЖАНАТ ӨТЕПБЕРГЕНОВ
“ҚАЗАВТОЖОЛ” ҰК АҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Құрылысы и жаңағы подходтары. Біз негізі көпірдің жұмысын тоқтатпай отырмыз. Жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Өткен жолыдң қорытындысы бойынша біз фундаменттерін, тіректерін көтеріп қойдық. Биылғы жылы үстін жасаймыз. СКЛ. Сонымен қатар жаңағы проблемдік болып тұрған 19 шы шақырым дейміз ғой, сол жерге таңа типті жол айрығы салынатын болады. Қаскелең қаласының тұсында сол жерден де таға типті, жалпы екі таға типті жол айрығы салынатын болады.»
Одан бөлек, «Алматы- Бішкек», «Ақcай- Шонжы- Қалжат», «Көкпек – Кеген- Түп» және «Алматы- Талғар -Байдібек би», сондай-ақ «Кеген» өткізу пунктін жаңғырту жобасы басталды. Жоба аясында жолды кеңейту көзделген.