Есірткіге қарсы күрес күшейді

Алматы облысында есірткіге қарсы күрес күшейтілді. Жыл басынан бері аймақта 14 есірткі зертханасы анықталып, 93 құқық бұзушылық тіркелді. Заңсыз айналымнан 123 келіден астам есірткі тәркіленді.

Сонымен қатар, интернет арқылы жүргізілген есірткі саудасының жолын кесу мақсатында 557 сайт пен онлайн-ресурс бұғатталған. Кегенде өткен басқосуда өңірдегі ахуал мен алдын алу шаралары талқыланды. Әсіресе жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамның бұл мәселеге деген жауапкершілігін арттыру жайы кеңінен сөз болды. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйым мүшелері қатысты. Форум аясында қатысушылар туристік нысандарыды да арала     жүріп, жастарға бос уақытты тиімді өткізудің маңызын түсіндірді. 

НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ            КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Заң бар жерде тәртіп бар. Алматы облысы ПД-ның ұйымдастыруымен өте үлкен іс-шара болып жатыр. Қазақстанның әр түкпірінен келген азаматтар ат салысып, Таза Қазақстан акциясына өз үлестерін қосып жатыр. 


НИКИТА ПОЛИЩУК
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ
Есірткі қылмысының алдын алып, оны тұрақты бақылауда ұстау қажет. Кеңестің негізгі мақсаты жазалау емес, ең алдымен профилактикалық жұмыстар жүргізу. Мен пауэрлифтинг федерациясының атынан қатысып отырмын. Біз еліміздің барлық өңірінде жарыстар ұйымдастырамыз. Басты бағыттарымыздың бірі салауатты өмір салтын насихаттау және әртүрлі жастағы адамдарды спорт арқылы біріктіру. Сонымен қатар инклюзивті ортаны дамытуға күш салып, барлық спортшылар үшін тең мүмкіндік қалыптастыру бағытында жұмыс істейміз. 

Сондай-ақ оқыңыз: