28 келі есірткі тәркіленді
Қарасай ауданында есірткі жасаған 29 жастағы ер адам ұсталды. ІІМ мәліметінше, жасырын зертханадан 28 киеліден астам дайын психотроптық зат табылды. Әрі 880 литр прекурсор мен арнайы зертханалық жабдықтар тәркіленген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Жауаптылардың мәліметінше, азамат жеке үй сатып алып, оны тиым салынған затты жасауға арнайы жабдықтаған. Қажетті құралдар мен химиялық реагенттерді жеткізу, сондай-ақ есірткі дайындау процесі интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы жүргізіліпті. Абырой болғанда тәркіленген заттар зертханада өндірілген алғашқы партия екен.
ЕЛДАР ӘБДІКЕНОВ
ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Дайын синтетика өндірілген алғашқы партия болған. Оның көлемі шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында бұл заттардың ешқайсысы заңсыз айналымға түскен жоқ. Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Баптың санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына дейін көздейді.»