Ішімдіксіз ауыл

15-19 маусым аралығында республика бойынша «Алкогольсіз ауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы бағыттағы игі бастаманы Райымбек ауданындағы Жаңа Текес пен Көкбел ауылдарының тұрғындары қолдады. Тақырыпты өңірдегі тілшіміз тарқатып айтады.

Азаматтары ішімдіктен түбегейлі бас тартқан қос ауыл бүгінде «Ішімдіксіз елдімекен» мәртебесіне ие. Соңғы бес жыл ішінде бұл ауылдарда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауыл ақсақалдары мен белсенді жастар салауатты өмір салтын нәсихаттап, түгел дерлік спортпен шұғылданып келеді. 


САНАТ ДЕМЕУОВ 

РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
“Қазіргі уақытта Республика көлеміндегі алкогольсыз ауыл прафилактикасы іс-шарасы негізінде Жаңатекес және Көкбел ауылдарында қазіргі соңғы 5 жылда қылмыстық іс-әрекеттер тіркелмегендігін байқадық және осы ауылдың азаматтары спирттік ішімдіктерге жақын еместігін көріп үлгілі ауыл ретінде санадық. Және бұл ауылдың тұрғындары спирттік ішімдіктерді ішуден бас тартып, ауданымыздың көркеюіне үлкен үлес қосуда. 


Жаңа Текес ауылының негізгі күнкөріс көзі – мал шаруашылығы. Соңғы жылдары ауыл инфрақұрылымы жаңарып, көшелер жарықтандырылды. Жолдарға да асфальт төселіп жатыр. Алайда ауыл дүкендерінде алкоголь өнімдері мүлде сатылмайды. Той-томалақ пен түрлі жиындар ішімдіксіз өткізіледі.


ҚУАНЫШ ҚАСЫМБАЕВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
Мына бүгінгі күні біздің ауылымызға ішімдіксіз ауыл деген үлкен мәртебе беріліп отыр. Біз оған сондай қуаныштымыз. Осындай мәртебеге жету ауылымыздың мына жастарымыздың, ауылымыздың қарияларының, ауыл басшыларының арқасында. Ынтымақ бірлігінің арқасында осындай дәрежеге жету біз үшін үлкен мәртебе. Және де осы бұдан былай да үлгілі ауыл ретінде көрсетуді, соны нығайтуға біз әрқашан да ат салысамыз. “


Тұрғындардың ауызбірлігі мен жауапкершілігінің арқасында қалыптасқан бұл үрдіс жергілікті билік тарапынан да қолдау тауып отыр. Ішімдіксіз ауыл бастамасы – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты құралына айналып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: