Келешек бастауы – ғылым

Райымбек ауданының 90 жылдығына орай «Ғылым мен білім – кемел келешекке нық қадам» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қақпақ ауылындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылған ауқымды шараға зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. Конференцияның басты көздегені не? Тақырыпты тілші толықтырады. 

Конференция жұмысына Әділ Ахметов, Шерубай Құрманбайұлы сынды академиктер бастаған білім саласының көрнекті өкілдері қатысты. Жиын барысында ғылыми жобалар мен робототехника көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.


ӘДІЛ АХМЕТОВ
ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
  «Жастар жақсы дамып келе жатыр екен, бүгін мына жерде үлкен көрме өтті.  Робототехникадан, жасанды интеллекеттен хабары бар жас өрендер өсіп келе жатыр екен, соларға қарап қуандық. Мынау Мұқағалидың айтқан  сөзі бар емеспе: «Туады, туады әлі талай ақын деген.» Ол тек ақындарды айтқан жоқ, ғалымдарда шығады, математиктерде шығады, жазуышыларда шығады 


Шара аясында Алматы облысы білім басқармасы мен еліміздің 11 жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл құжаттар өңірдегі білім сапасын арттырып, оқушылар мен жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған.


БЕЙБІТГҮЛ СӘРСЕМҚАНҚЫЗЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДОГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ, РЕКТОР
“Қазіргі жоғарғы білім саласындағы болып жатан өзгерістерді біздің жастарымыз міндетті түрде білуі керек, оның ішіндегі жаңағы шет елге шықпай-ақ, Қазақстанда жүріп мықты шет елдік жоғарғы оқу-орындарының филиалдарының ашылуы, одан бөлек мына ғылымға үлкен мән берілуі. Ғылымға құштар жастарды осы ғылыми әлеуетін арттыруға қандай қазір жаңа жобалар бар міне осы жаңа үрдістермен педагог мәртебесі туралы заңның қабылдануына орай, педогог маманының қазіргі жай күйі артықшылықтары міне осылар жайлы біз қазір ақпарат берудеміз.”


Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы Жәменке орта мектебінде жалғасты. Мұнда секциялық отырыстар, шеберлік сабақтары, TEDx форматындағы кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ оқыңыз: