Дүниежүзілік донор күні
Қарасай ауданында орналасқан қан орталығында дүниежүзілік донор күніне орай «Қан тапсыр. Адамды сақта» атты мерекелік акция өтті.
Шара қоғамда донорлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Толығырақ келесі сюжетте.
АҚЖАН АНАПИЯ ТІЛШІ
Елімізде тұрақты донор мәдениеті қалыптасып келеді. Мәселен, Қарасай ауданында 48 мәрте қан донор атанып отырған азамат бар. Бұл алдымен денсаулыққа пайдалы. Ер адамдар үш айда бір, ал әйел адамдар екі айда бір қан тапсырып тұрғаны жөн. Әрине, донор болудың да өзіндік шарттары бар.
Донор болу үшін азаматтың жасы 18-ге толған, салмағы кемінде 50 кг және денсаулық жағдайы қан тапсыруға жарамды болуы қажет. Қан тапсырар алдында дәрігерлік тексеруден өтеді. Жұқпалы аурумен ауыратын не болмаса созылмалы науқасы бар адамдарға рұқсат етілмейді. Акцияға алғаш рет келгендер де бар.
ФАТИМА БЕЙІМБЕТОВА
АУДАН ТҰРҒЫНЫ
Мен өзім ойлап жүргенмін бір адамға бір пайдам тисінші деп. Енді Алла тағаланың құдыреті кеше бір таныс кісі попросить етіп, келп қалдым. Бірінші рет өмірімде.
Қан тапсырғанан кейін де күтім қажет. Суыққа шықпау, ыстық өнім қабылдамау сынды маңызды талабы бар.
ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Алматы облысы бойынша 29 мыңнан астам донор бар. Оның ішінде 12 мыңнан астам донор бар. Оның ішінде 1000 донор біздің тұрақты донорларымыз. Күнделікті өздеріңіз білесіздер неше түрлі жағдайлар болады. Осы әр донордың берілген қаны кем дегенде 3-4 адамға көмек жасайды.
Алматы облысында донорлық қозғалыс жылдан жылға дамып, қоғамдағы маңызы артып келеді. Қазір өңірде жыл сайын шамамен 15 мың адам ерікті түрде донор атанып, 10 мыңнан астам рет қан тапсырады. Игі істің нәтижесінде жыл сайын 8 мыңнан астам науқасқа қажетті қан жетіп отыр.
Ақжан Анапия, Дәурен Қажыбаев, Қонаев медиа