Біздің таңдауымыз – денсаулық!
Алматы облысында есірткіге тәуелділік дертімен күрес басты назарда.
Қазірдің өзінде аймақта 3 мыңға жуық адам ресми наркологиялық есепте тұр. Дерттің алдын алудың жалғыз жолы белсенді профилактика мен ақпараттық қорғаныс. Қонаев қаласында «Біздің таңдауымыз денсаулық!» атауымен өткен денсаулық фестивалі дәл осы мәселеге арналды. Орталық саябақта бой көтерген медициналық штаб жұмысымен, әріптесім Дастан Маратұлы таныстырады.
Бүгін Қонаевтың бас саябағы - спорттық алаң мен медициналық хабқа айналды. «Біздің таңдауымыз денсаулық!» ұранымен өткен шара ғасыр дертіне қарсы бағытталған. Мұнда білікті наркологтар мен психологтар тұрғындарға тегін кеңес беріп, көкейкесті сауалдарға жауап берді. Жағымсыз әдетпен күресу үшін алдымен ақпараттық қорғаныс мықты болуы тиіс. Себебі өңірдегі қазіргі статистика ерекше қырағылықты талап етеді.
ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Алматы облысы наркология қызметінің динамикалық бақылауында 2996 науқас есірткіге тәуелділік диагнозымен есепке тіркелген. Сондықтан профилактикалық жұмыстарды күшейту, әсіресе жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу аса маңызды болып табылады. Біздің басты мақсатымыз нашақорлыққа... тиімділігі бар азаматтардың санын азайтып, және профилактикалық жұмысын алдын алу.
Фестиваль барысында интерактивті викториналар өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Сондай ақ тұрғындар қан қысымын өлшетіп, флюорографиядан өтті. Әрі арнайы экспресс-тест тапсырып, денсаулығын тексертті. Акцияның дені жастар болғаны қуантады. Олар «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» атты символикалық акцияны қолдады.
Іс-шара соңында «Алатау әуендері» өнерпаздары өнер көрсетіп, саябақта мерекелік атмосфера орнады. Денсаулық сақтау басқармасы дәл осындай іс-шаралардың арнайы айлығы басталатынын мәлімдеді. Ауқымды науқан шілде айына дейін жалғасады.
САЛТАНАТ КЕНЖАЙҚЫЗЫ
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Жастарды, жасөспірімдерді әсіресе көбірек, жиірек ескертуіміз керек. Жиі болған дұрыс деп ойлаймын, себебі біздің қазір өте өзекті, жастар арасындағы қауіпті бұл мәселе болып тұр. Себебі жасөспірімдерге көбірек ескерткен сайын, олар ақпараттанған сайын өздерін қалай алып шығу керек екен, қайда бару керек екен, неден сақ болу керек екен, болашағын дұрыс. Денсаулығын қалай сақтау керек екен бәрін ескерткен дұрыс деп ойлаймын.