Бақылау күшейтіледі
Жыл басынан бері Алматы облысында 13 есірткі зертханасы әшкереленді.
Өңірдегі есірткі ахуалы Қонаев қаласында өткен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселесіне арналған жиында талқыланды. Аталған басқосуға Ішкі істер министрлігі және мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Кеңесте аймақтағы есірткі ахуалы сараланып, нашақорлықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Құзырлы органдардың сөзінше, бүгінде синтетикалық есірткінің таралуы еліміздегі өзекті мәселенің біріне айналған. Осы тұрғыда Алматы облысы заңсыз өндірістің жолын кесу бағытындағы жұмысты күшейткен өңірлердің қатарында. Жыл басынан бері облыста 93 құқықбұзушылық анықталып, заңсыз айналымнан 123 келіден астам тауар тәркіленген. Есірткі саудасына қарсы күрес цифрлық кеңістікте де жалғасуда. Жыл басынан бері 557 интернет-ресурс бұғатталды.
БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ
ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Мемлкет басшысы тапсырмасына сәйкес 2026-2028 жылға арналаған кешенді жоспар үкімет қауіпсіздігімен бекітілген заң мен тәртір қағидаты аясындағы басым мәселелері есірткі нашақорлық мәселесі нақты проблема есірткі сараптама одан да бөлек облыс деңгейіндегі мәселелерді көтердік айта кетерлік алматы облысы үлкен мегаполис алматы қаласы жан жағында ауылдарда елді мекен шоғырлағандықтан, алатау қаласы салынатындықтан, инвестор тартылады. Қылмыстық топтар келуі мүмкін деп алдын ала іс шаралар мемлекет органдармен жүргізіп жатырмыз.
Бүгінде облыста 2 701 адам наркологиялық есепте тұр, оның 296-сына «нашақорлық» диагнозы қойылған. Жыл басынан бері өңірде 96 профилактикалық іс-шара өткізіліп, 14 мыңнан астам адам қамтылды. Олардың басым бөлігі жасөспірімдер.
ДАСТАН ЖЕКСЕНБЕКОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Алдағы уақытта да профилактикалық кеңес мүшелері есірткімен күресудің және оның алдын алудың ортақ әдістері мен ортақ ұстанымдарын қалыптастыруы үшін осындай жиындарды жыл сайын өткізіп тұру туралы ұсыныстар түсті. Бұған қоса, бүгінгі басқосуда тағы бір маңызды бастама ретінде «Жастар» қанатын құру туралы ұсыныс білдірілді.
Есірткіге қарсы күрестің алдын алу шаралары тек жиыналыстармен шектеліп қалған жоқ. Шараның екінші бөлігі спорттық-мәдени форматта жалғасты. Атап айтқанда, өңірде Ішкі істер министрлігінің қолдауымен нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай дәстүрлі джиу-джитсу турнирі ұйымдастырылды. Алты жылдан бері өткізіліп келе жатқан жарысқа 450-ден астам спортшы қатысты.
НҰРСҰЛТАН ОРЫНБАСАРОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Бұл шараның негізгі мақсаты, жалпы маңыздылығы өте зор. Себебі жастарға біз дұрыс жол көрсетуіміз керек, біріншіден. Екіншіден, оларға осылай салауатты өмір салтын насихаттай отыра, зиянды заттардан алыс болу үшін бүгін арнайы спорт саласында үлкен жетістікке жеткен спортшылар, елімізге танымал блогерлер келіп қатысып, осы салауатты өмір салтын насихаттаумен айналысты.
НҰРГЕЛДІ КЕРДЕШ
БЛОГЕР
Бүгін міне Алматы облысында күшті іс-шара өтіп жатыр соған Астана қаласынан келіп қалдық.Астана қаласында есірткіге қарсы кеңесінің мүшесімін. Бүгінгі іс- шарада өте күшті әсер алдым. Бүгін осы күрестен іс-шара,футболдан іс-шара ,жастарды көріп өзім қуанып қалдым. Спортқа кішкентай кезінен жақын екендіктерін көріп мәз болып қалдым.Сондықтанда спорт және махаббат ,денсаулықтарыңызды сақтаңыздар. Есірткіге жол жоқ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық іс-шаралар жастарды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, нашақорлықтың алдын алудағы маңызды профилактикалық құралдардың бірі болып саналады.